389 рет оқылды

Қайрат Боранбаевқа қатысты сот үкімі шықты. Мемлекеттік айыптаушы А. Аймағанова Қ. Боранбаевты ҚК үш бабы бойынша, яғни сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ысырап ету, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе ысырап етуге көмектесу, сондай-ақ ақшаны немесе өзге де мүлікті қылмыстық жолмен жылыстатуға кінәлі деп тануды сұрады.

Сондай-ақ, Боранбаевты 8 жылға бас бостандығынан айырып, оның мемлекеттік қызметте, соттарда, Ұлттық банкте, квазимемлекеттік секторда және т.б. лауазымдарды атқаруына өмір бойы тыйым салуынуын талап етті.

Сонымен бірге, Боранбаевты»Ерен еңбегі үшін» медальлі мен «Құрмет»,  «Парасат» және 3-дәрежелі «Барыс» ордендерінен айыру туралы ұсыныс енгізуді. Боранбаевтың мүлкі мен ақшалай қаражатына тыйым салуды, мүлікті тәркілеуге және оған қатысты басқа қылмыстық істі тергеуге байланысты жазаларды өзгеріссіз қалдыруды сұрады.

Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев 2022 жылы наурыз айында ұсталды. Одан бөлек екі тұлғаға 14,5 млрд теңгені жымқыру және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша айып тағылған. Ол белгілі актер Әнуар Боранбаевтың туысы.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.