121 рет оқылды

Кәсіпқой ринг мықтыларымен жекпе-жекке шыққалы бері бір рет те жеңіліп, жігері құм болып көрмеген Хайме Мунгияның (41-0, 33КО) қосалқы промоутері Фернандо Белтран қазақ боксшысы Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37КО) келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады.

Мексикалық промоутер:

-Біз биыл 10 маусымда Мунгия мен Головкиннің жекпе-жегін өткізуге әрекет жасап жатырмыз. Бұл жөнінде Головкиннің промоутері Том Леффлермен сөйлесіп, болашақ жекпе-жекті талқыладық. Менің ойымша, жақын күндері келісім-шартты сәтті аяқтап қаламыз, — дейді.

Не болар екен? Отызында «орда» бұзған Гена, қырыққа келгенде «қыр» аса ала ма?

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.