116 рет оқылды

Алматы облысы ПД экс-басшысы Серік Күдебаевтың үкімін жариялау үшін оны сотқа күштеп әкелмекші. Жетісу облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Күдебавтың соты үшінші айға созылып бара жатыр.

Айыптаушылар жағы оны шені мен мемлекеттік марапаттарынан айыра отырып 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Бірақ Күдебаевтың қорғаушылары «генералдың денсаулық жағдайы нашар, ол Алматы ауруханаларының бірінде жатыр» деп хабар беруіне байланысты соттың соңғы үш отырысы кейінге қалдырылған. Дегенмен, Жетісу облыстық соты «Күдебаевтың ауырып жатқанын растайтын дәйекті анықтаманың» өздеріне келіп, тіркелмегенін айтады.

-Сотталушы сот отырысына келмеді. «Ауырып жатырмын» деген сөзін дәллдейтін факті, құжат жоқ. Сондықтан Күдебаевтың қылмыстық ісіне байланысты сот 3 сәуірге, сағат 10:00-ге қалдырылды. ҚР ҚК  157 және 335 бабына сәйкес сот енді оны аталған уақытта мәжүрлі түрде алып келуге қаулы шығарды, — дейді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Генерал-майор Серік Күдебаев қызмет бабын асыра пайдаланды және 2022 жылғы қаңтар оқиғасына байланысты күдіктермен айыпталған болатын. Сот кезінде ол бұл айыптардың шындыққа жанаспайтынын және қылмыстық істі тоқтатуын сұрған.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.