Бұдан бұрын Күдебаевың сот отырысына «сырқаттанып жатырмын» деп үш рет келмегенін жазғанбыз. Онда ол үкім алдынағы соңғы сөзін айтуға керек-тін. Адвокаттары оның «ауруханаға түскені» туралы анықтамасын берген дейді. Соған орай Күдебаевты тыңдау белгілі бір уақытқа шегерілген. Бұл кезде сотталушы генерал-майор «үйқамақта» отырған. Содан Жетісу облыстық соты С. Қүдебаевты 3 сәуірге сағат 10:00-ге мәжбүрлі түрде жеткізу туралы қаулы шығарған.
Осы бұйрықты орындау кезінде прокурор С. Қүдебаевтың елден қашып кеткені туралы мәлімдеген. Прокурордың өтініші негізінде судья сотталушы С. Қүдебаевқа халықаралық іздеу жариялауға және бұлтартпау шарасын «қамауда ұстауға» өзгерту туралы қаулы қабылдады.
Сот қашқын-генералдың Қазақстан шекарасынан 23 наурыз күні заңсыз өтіп, Бішкек арқылы Түркия асып кеткенін мәлімдеді.