Финляндияның СІМ басшысы Пекка Хаависто НАТО-ға мүше елдердің қатарына қабылданғаны туралы құжатқа қол қойды.
Ал Польшаның Премьер-министрі Матеуш Моравецкий «Финляндия Солтүстік Атлантикалық Шарт Одағының (НАТО) мүшесі болды» деп хабарлады Twitter парақшасында.
Сондай-ақ, ол: «Бұдан былай бұл альянсқа 31 ел мүше» деп атап өтті.
-Қуатты әріптестер Польшаның қауіпсіздігі үшін де, біздің аймақ үшін де және барлық әлем елдері үшін гарант болып табылады, — деп тұжырыпты Польша Премьері.
Құжатқа қол қою рәсімі Манфред Вернер ғимаратындағы НАТО-ның штаб-пәтеріндегі камера алдында өтті.
Хаависто бұл мезеті тарихи сәт деп бағалады. Оның айтуынша, дәл осы уақытта Түркие елі АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысына Финляндияның мүшелігі туралы ратификацияны берді.
Осылайша, бас хатшы Йенс Столтенберг енді Финляндияны НАТО-ға арнайы шақыратын болады. Альянс атынан болатын арнайы мәлімдеме сәл кейінірек хабарланбақшы.