4 сәуір күні АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Манхэттендегі аймақтық прокурордың кеңсесіне келді. Ол бұл жерде өзіне кінә тағу процесі аяқталғанша тұтқында болады. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады.
Трамп — АҚШ тарихындағы қылмыстық іс қозғалған бірінші экс-президент болып отыр. Оған «порножұлдыз Сторми Дэниелске ақша төледі» деген айып тағу көзделуде. Ал Трамп мұны «саяси қуғын-сүргін және сайлауға байланысты» деп отыр. Ал нақты айыптың қашан айтылатыны белгісіз. Бірақ Трамптың адвокаттары оны кінәсін мойындап отырған жоқ дейді.
Порножұлдыз Сторми Дэниелске төленген ақша, әрине, заңсыз, өйткені ол ақша іскерлік шығынына жұмсалды деп жазылған. Іскерлік құжаттарының жалғандығы Нью-Йоркте заңсыз деп саналады.
Дегенмен, бұрынғы президент кепіл ақшамен тұтқыннан босатылады және Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясына оралып, сөз сөйлейді деп күтілуде.