75 рет оқылды

 

 Жамбыл облысында тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру жөнінде жоба қолға алынғалы бері «еңбек етем, табыс табам» деген азаматтарға жақсы мүмкіндік пайда болды. Сол жобаға Жуалы ауданындағы Ақсай ауылдық округінен 2 елді мекеннің тұрғындары қатысып отыр.

Мысалы, мал шаруашылығын дамыту және мал сатып алу бағыты бойынша ауылдық округте 1254 мал басын сатып алуға 78 ауыл тұрғыны жеңілдетілген несиемен қаржыландырылды. Соның нәтижесінде 1254 мал төлі есебінен 489 басқа көбейді.

Тұрғындар ауыл айналасындағы құнарлы жерді тиімді пайдалануды да белсене қолға алды. Мысалы, өткен жылы игерілген егістік жер көлемі 800 гектар болса, оның 200 гектарына бидай егілді. Арпа да осынша жерге себілді. Жүгері мен мақсары алқаптарының да өнімдері жақсы.

Кооперативтерді жабдықтау және құру бағыты бойынша 21 дана ауыл шаруашылығы техникасын лизинг жүйесімен сатып алуға жергілікті бюджеттен 5 пайызбен 12 млн теңгеге несие берілген.

Сөздің қысқасы, берекені көктен тілеп күн өкізгенше, жердегі еңбегімнен табам дегендерге Жамбыл өңіріндегі жаңа жоба өте қолайлы болып отыр.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.