98 рет оқылды

Семейдегі жергілікті билік шетелдік «Би-2» тобының концерті өткізілмейтін болды деп хабарлады, — дейді Тенгриньюс ақпарат агенттігі.

Өйткені өңірдегі өрт кезінде болған қайғылы оқиғаға байланысты облыстық қоғам белсенділерінің өтініштері бойынша 21 маусымда «Арена» кешенінде өтеді деп жоспарланған ресейлік «Би-2» музыкалық тобының концертін өткізілмейді, — деп жазған Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Инстагармдағы ресми парақшасында. Сондай-ақ, қала әкімдігі осы шешімдеріне түсіністікпен қарауға шақырған.

Бірақ «…бұл қайырымдылық концерті емес пе! Неге тоқтатылды? Өрт болған күні облысқа жыл болғанын кең көлемде атап өту дұрыс болды ма? Ал, қайырымдылық концертін тоқтату орынсыз. Логикасы қайда?», «Пікірлерді оқыңыз, бәрі концертті қалайды және ақша көмекке кетеді. Көпшілік қолдайтын шешімдер қабылдау керек!»  деп әлеуметтік желі қолданушылары бұл хабарға наразылық білдірген. Содан кейін Семей әкімдігінің парақшасындағы жазба өшіріліпті.

Ең қызығы, бұл топтың әндерін Ресей саясаткерлері де жек көреді екен. Тіпті, Мемлекеттік Думаның депутаты, «Әділетті Ресей — Шындық үшін» деген партияның атынан сайланған Дмитрий Кузнецов өткен жылдары Федералдық Қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортниковқа хат жазып, «БИ-2″ тобының әншілеріне РФ аумағына кіруге тиым салуды өтініпті.

«Мен Австралия азаматтары Шура мен Леваға құбылмалы ойдан арылуды және өздерінің әрекеттерімен қолдап жүрген Ресейге дос емес елдерге барып концерт қойып, табыс табуды ұсынамын» деп жазған ғой Кузнецов мырзаңыз. Сөйтеді де, Тергеу комитетінің төрағасынан осы музыканттардың РФ ҚК баптарын қалай сақап жүргенін және олардың Ресей әскерилерін әжуалау әрекеттерін тексеруді сұрапты.

Атышулы топ — Минскі (Белоруссия) мен Мельбурннің (Австралия) орыстілді музыканттарынан құралған. Демек, «БИ-2» тобының ұстанымы айтпаса да түсінікті.

Сонымен не болды? «БИ-2»-нің концерті болатын болды ма, жоқ па? Ал ертең 21 маусым…

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.