137 рет оқылды

«Бал ұстаған бюармағын жалайды» деп қазақ бекер айтпаған. Жуалы ауданы, Қайрат ауылындағы Төле би көшесіндегі «Қайсар» жеке кәсіпкерлгі иесінің бағыты — бал арасының бабын тауып, бал жинау. Ол қазір бал арасының 33 отбасын ұстап отыр.

Жоспары жыл ішінде әр отбасынан 30-35 келі бал жинау.  Осы тірлігі үшін «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпороциясынан 9 100 000 теңге несие алыпты.

Осы ауылдағы «QURALBAY» ЖК омарташыларында бал араларының басын қосқан 38 отбасы бар.»Тараз» ӘКК бұларға 9 800 000 теңге несие беріпті.

Ал «Мония» омарташыларында бал арасының 65 отбасы бар. Жыл ішінде 150 келі бал аламыз деп сенеді. «Тараз» ӘКК «Монияға» 14 071 000 несие берген.

Аралар да көшпелі халық сияқты. Ауа райына, гүлді, нәрлі өсімдіктер іздеп жиі көшіп-қонып жүргенді ұнатады. Бұған омарташылар да үйренген. Бал жалап, табысқа кенелген кезде қиындықтың бәрі ұмытылады.

 

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.