767 рет оқылды

Әлеуметтік желіні кешелі бері Арман Қайназаровтың бейнесі «жаулап» алды. Арақ-шараптан әбден азып-тозған Қайназаровты көрсетіп, «Нұрикамал», «Шәмші аға» әндерінің авторы еді, ендігі күні мынау» дейді кейбір сайт авторы.

Қайназаров болса бейнебаянда: «Ұлықпан Жолдасовқа, Қыдырәлі мен Қарақатқа да,  Абай Бегейге де ән жазып бергенмін» дейді.

Ал «Нұрикамал» әнінің шығу тарихын осы уақытқа дейін белгіл ақын Ханбибі ханым Есенғараева талай рет айтқан. Ол әнді Ханбибі ханымның жолдасы Тұрдықылыш Ізтаев кезінде Нұрикамал деген әйелге сырттай ғашық болып жүріп шығарған екен. Ең қызығы, әннің сөзін Тұрдықылыштың жары Ханбибінің өзі жазып беріпті күйеуіне. Бұл өзі отбасылық ғашықтық-ғұмыр тарихы тұрмақ, мәдениет мен өнер әлеміндегі сирек оқиға. Сонысымен де қызықты болған. Бұл жайлы бейнебаянды Ютубтен тауып алып, тыңдауға болады.

Сонда Қайназаровтікі не сөз? Әлде «Нұрикамалдай» әсем әнінен қапияда айырылып қалған соң, араққа салынып, көше кезіп кетті ме? Сосын… «Шәмші аға» деген де бірнеше белгілі ән бар. Оның бірін белгілі сазгер Құрманәлі Қалдыбек шығарған. Ал Қайназаровтың баяғы, жас, араққа салынбаған кезінде шырқаған «Шәмші ағасы» одан басқа ән.

Ал «Нұрикамалды» нәшіне келтіре, керемет шырқайды  екен. Онысын мойындау керек. Даусы да жақсы. Әсіресе, қайырмасында саңқылдап, ашыла түседі.

Ендігі сөзді, сірә,  Ханбибі ханымның өзі айтатын шығар.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.