99 рет оқылды

Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұржан Рахметуллаев хабарлағандай, 2023 жылдың бес айында облыс аумағында 224 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 45 есірткі өткізу дерегі, 34 есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау, 3 есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау дерегі, 6 есірткі контрабандасы бар.

Заңсыз айналымнан 540 келіге жуық есірткі алынды, оның ішінде 519 келіге жуық марихуана, 16 келіге жуық гашиш, 38 грамм героин, 21 грамм синтетикалық есірткі құралдары және т.б.

2023 жылғы 1 маусымда басталған «Қарасора-2023» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жыл сайын полицейлер құмды аймақтардан жабайы қарасораны әкету арналарын жабу бойынша операциялар жүргізеді.

Полиция қызметкерлері есірткі қылмысымен ғана емес, жабайы өсімдіктермен де күресуде. ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасныың қызметкерлері, жергілікті атқарушы билік өкілдері учаскелерді ору, шабу, өртеу және улы химикаттарды қолдану арқылы есірткілерді жоюда. Тек бір Байзақ ауданында шабу және өртеу арқылы 18,7 гектар жердегі 20 тонна 456 келі жабайы қарасора жойылды.

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.