136 рет оқылды

4 тамыз күні Жаңажамбыл фосфор зауытында жарылыс болып, сары фосфор құйылған цистернаны ашпақ болған екі жұмысшы от шашқан жалынға күйіп қалды. Оқиға орын алған зауыт — «Казфосфат» құрылымына қарайды.

Жиырма алты және отыз екі жастағы екі жұмысшы жарылыстың нүктесінде болғандықтан, қатты зардап шекті. Беттері, саусақтары, аяқтары, сонымен бірге денелері өте қатты күйген олар аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.  Дәрігерлер мұндай химиялық құрам адамды күйдіріп қана қоймайды, сонымен бірге денесінің екінші жағына тесіп өтетінін де айтып, қауіп етуде.

Қазіргі кезде төтенше оқиға болған жерде еңбек инспекциясының комиссиясы жұмыс істей бастады.  Ал зауыт басшылары оқиғаны «техника қауіпсіздігін сақтамаудан болды» деп отыр.

Екі жұмысшының да жағдайы өте ауыр.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.