168 рет оқылды
АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа бас консулы болып Мишель Еркін тағайындалды. Бұл туралы АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы хабарлады.
Хабарламада «Қазақстанға жаңа ғана келіп жеткен АҚШ-тың жаңа бас консулы Мишель ханым Еркінді қош келуімен құтықтаймыз!», — делінген.

Мишель Еркін — Йель университетін үздік бітірген. Минесотта университетінен заң факультеттері үшін профессор дәрежесін алған.  Бұған дейін ол АҚШ-тың дипломатиялық  өкілдіктерінде әртүрлі қызметтер атқарып, Панама, Қырғызстан, Ресей елдеріндегі консулдықтарда қызметте болған. Мишель мен оның күйеуі Жомарттың 4 баласы бар екен.

Бұған дейін АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы болып Кэролайн Сэвидж қызмет еткен болатын.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.