113 рет оқылды

Осы күні жастар еңбек адамдары туралы жазбайтын болды. Біздер бұрын жарыса жазушы ек. Жылқышы, қойшы, дихан, сиыршы, сауыншы, механизатор, тақырыбымыз көп еді. Әсіресе, сауыншыларды көп жағалайтынбыз. Өйткені, бармағынан бал тамған сұлу сауыншылардың сыңғырлаған күлкісі мен шелектеріне күрпілдете сауған сүттің дыбысы мен көбігі ерекше бір симфония сияқты еді…

Біз білетін Балқия Кеңесбекқызы — Ақтөбе ауылдық округінің Жаңаталап ауылында тұрады. Сонымен бірге «Тасшан» шаруа қожалығының иесі өзі.  «Әйел — қырық шырақты» дей ме, сол айтқандай, қырық шырағын жағып, 23 гектар жеріне арпа, бидай, көпжылдық жоңышқа егіп, кәсібін дөңгелетіп отыр.

Балқия 2022 жылы мемлекеттен «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5%-дық несие алып, бүгінде халықты жылы саумалмен, бал қымызбен қарық қылуда.

«Пилоттық жоба» аясында ірі қара басын да көбейтті. Бүгінде 10 бас жылқысы, 50 шақты уақ малы бар. Бақшасындағы қызанақ, қияр, қырыққабат, пияз, асқабақ, құлпынай, болгар бұрышы, тау бүлдіргені, таңқурай, өрік, алма, жүзім ағаштары да жайнай өсіп, жеміс беріп тұр.

Осы күні жастар еңбек адамдары туралы жазбайтын болды. Біздер бұрын жарыса жазушы ек. Жылқышы, қойшы, дихан, сиыршы, сауыншы, механизатор, тақырыбымыз көп еді. Әсіресе, сауыншыларды көп жағалайтынбыз. Өйткені, бармағынан бал тамған сұлу сауыншылардың сыңғырлаған күлкісі мен шелектеріне күрпілдете сауған сүттің дыбысы мен көбігі ерекше бір симфония сияқты еді…

Біздің Балқияның байлығы да жазуға, мақтауға әбден тұрарлық.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.