158 рет оқылды

Қаладан шығып, далаға барып көрдіңіз бе? Таудан ескен самалмен кеуде кере тыныстап, рахатқа бөлендіңіз бе? Саумалдай самалмен араласа жеткен жаңа орылған бидайдың жұпар исін, тәтті дәмін сезіп, сүйсіндіңіздер ме? Жоқ? Ендеше, Жаулының тауы мен даласына барыңыздар. Неге дейсіз бе? Өйткені…

Жуалы даласының төсі бүгінде қайнаған қызу еңбек. Астық жинауға жұмыла кіріскен жұртқа əр күн, əр сағат қымбат. Қауызда — дəн, алқапта — масақ қалмасын. Ұрандары осындай.

Егін алқабына барған аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ержан Байзақұлы мен округ әкімі Бауыржан Нұрғалиұлы астық орған дихандармен кездесіп, астық жинау жұмысының барысымен танысты.

Сала мамандарының айтуынша, Жуалы астығы биыл да мол болады.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.