91 рет оқылды

Әйелдердің экономикаға белсенді түрде араласуы елдің дұрыс даму жолында келе жатқанын, Қазақстандағы әр адамға тең мүмкіндік берілгенін көрсетеді. Соның нәтижесінде бүгінде Қазақстанның шағын және орта бизнесіндегі әйелдер кәсіпкерлігінің үлесі 45 пайызға артты. Бұл, әрине, қуанышты жағдай.

Осы орайда, Жуалы ауданында тұратын аналардың бірі Әшіркүл Наурызқұлованың еңбегі көпшілікке таныстыруға тұрарлық. Ол отағасы екеуі әлеуметтік дүкен мен наубайхана ісін жүргізудің көзін тапқан жан.

Олардың цехында германиялық 2 пеш, қамыр қопсытқыш 1 құрал (миксер), қамырға арналған 1 илегіш, 3 нан сөресі, 1 кептіргіш, 1 нан жаятын үстел, 1 ұсақтау аппараты, кеңестік үлгідегі бір пеші және тәтті бәліштердің түр-түрін бір мезетте дайындайтын арнайы пеш те бар. Германиялық пеш бір дегенде – 50 дана нанды пісіреді. Піскен уақытта автоматты түрде дабыл қағып, хабар береді.

Цехтағы жұмыс көбінесе арнайы құрылғылардың көмегімен жүзеге асырылады. Олар бір күнде базардағы дүкендерге 50 дана және жақын ауылдарға дүкендерге 80 дана нан пісіріп сатады.

Бұл наубайханада санитарлық талаптар қатаң сақталған. Әзірге 3 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Олардың біреуі  бөлке нан пісірсе, екіншісі ыстық самса, ал үшіншісі қаттама нанын көпшілікке тез арада ыстықтай әзірлеп береді.

Әшіркүл Бейбітқызы мемлекеттен «Тараз» ӘКК АҚ-дан тұрақтандыру қорын жасақтау негізінде 15 млн теңге несие алып, қосымша картоп, сәбіз, пияз өнімдерінің 108 тоннасын сатумен де айналысады. Пияздың — 35,2 және сәбіздің 33,3 тоннасы үйінде, ал картоп өнімінің  40 тоннасы «Злиха» шаруа қожалығының қоймасында сақталады.

Бүгінде олардың аудан тұрғындарын ас атасы — нанмен қамтып отырған жайлары бар. Наубайхана маңындағы азық-түлік дүкеніне тұрмысқа қажетті заттар да қойылған.

Осыдан соң, әйел жеңбейтін қиындық жоқ екенін еріксіз мойындайсың.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.