19 рет оқылды

 

 

Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары, Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбековтің айтуынша, Бішімбаев жазасын қамаудағы барлық жазаланушыларымен бірдей жағдайда өтеп жатыр.

— Бішімбаев қылмыстық атқару заңдылығы бойынша өзіне кесілген жазасын барлық сотталушылармен бірдей өткізіп жатыр. Оған ешқандай артықшылық жасалған жоқ. Жасалмайды да, — деді төраға.

Ал «Бішімбаев жұмыспен қамтылған ба?» деген сұраққа:

— Жазасын өтеп жүріп жұмыс істеуі бойынша ақпараттарды тек қана туған-туыстары мен адвокаттарына ғана мәлім етіледі. Ал біздің мекемедегі жазасын өтеп жатқанардың жартысына жуығы жұмыспен қамтылған. Биыл жұмыс істейтіндердің санын 3 мыңға арттырдық. Бұл жұмыс ары арай да жалғаса береді, — деді.

Журналистердің «экс-министр жалғыз адамдық камерада жатыр ма?» деген сауалына:

-Жоғарыда айтып өткенімдей, ол жалпы негіздегі түрмеде, басқа сотталғандармен бірге жазасын өтеуде. Оған ешқандай ереше артықшылық, жеңілдік жасалмаған, — деді.

Өткен жылы 13 мамырда Астанада өткен сотта судья оны әйелі Салтанат Нүкенованы қинап өлтірді деген айыппен 24 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру