99 рет оқылды

Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза аудан орталығына орналасқан базарлардағы көкөністер мен азық-түліктердің бағасын көріп, сатушы-кәсіпкерлермен сөйлесті.

Әуелі «Дары природы» базарындағы көкөніс сатушыларымен жолықты. Олардан көкөніс бағаларын сұрап білді. Жергілікті көкөністер сатылымға әлі шықпағандықтан баға бағамы әлі жоғары екен. Ал базардағы көкөністер мен жеміс-жидектер Ташкент, Кереку, Сарыағаш, Қарабұлақ және Сарыкемерден жеткізіліпті.

Дегенмен, жергілікті Нұрлыкент ауылынан аскөктер мен қиярлар, Бәйтерек ауылының жылыжайынан қиярлар мен тәтті бұрыштар сатылымға шыға бастапты.

Жуалы базарларында бүгінде картоп – 180-200 тг, сәбіз – 250 тг,  қияр – 150-250 тг, қызанақ – 200-250 тг, пияз – 250 тг, қырыққабат – 250 тг, тәтті бұрыш – 250 тг,  аскөк бумалары – 150 тг, сарымсақ – 600 тг сатылып жатыр.

Аудан әкімі одан кейін «Жуалы – жер жәннәті» базарындағы кәсіпкер-сатушылармен жүздесіп, мұндағы бағаны да көрді.  Өкінішке қарай, баға өткен жылмен салыстырғанда өсе түскен.

Аудан әкімі Жалғас Әлижанұлы алдағы үш-төрт күнде жергілікті шаруалардың өнімдерін арзандатылған бағамен жеткізілуін қамтамасыз етуге және ол үшін орта жолдағы алып-сатарларсыз, сатылымға бірден шығаруды тиісті бөлім басшыларына тапсырды.

Сонымен қатар, азық-түлік тауарларының бағасына да назар аударды. Әлеуметтік дүкенде ұн бағасы – 6700 тг болса, нарықтағы бағасы – 8200 тг-10 000 тг аралығында екен. Ал 5 литр өсімдік майы – 3500 тг, 25кг қант – 9300 тг болып тұр.

Аудан әкімі саудагерлердің де уәжін тыңдап, олардың өтініштері мен талап-тілектері негізінде іс-шаралар жүргізу қажеттігін ескертті. Базар маңындағы қоқыстарды тазарту тиісті мекемеге жүктелуі керек деді. Жауын суы ағатын арықтар да назарға алынатын болды. Базар ішіндегі жол бойын жағалай орналасқан сауда нүктелерін  жабық ғимараттарға көшіріп, бір жүйеге көшіруді де тапсырды.

Орталық базардағы бірқатар нысандарды аралап, көріп, біраз мәсегені көкейіне түйген әкім аудан орталығының келбетін келістіріп, ажарын аша түсу үшін атқарылар жұмыстарды айқындап берді.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.