47 рет оқылды

Конституция күні қарсаңы болатын. Жуалы ауданындағы Жетітөбе ауылдық округіне қарасы Кәріқорған ауылының атқамінерлерінің де, қарапайым тұрғындарының да көңіл-күйлері көтеріңкі.  Әсіресе, Василий Владимирович Дорош «Ойпырай, қазақ бауырларымның асар жасап, бір-біріне қол ұшын беретін дәстүрі не деген керемет еді!» деп, көзіне жас ала берді. Кембағал жанның көңілі бос келеді ғой, әдетте.

Жетітөбе ауылдық округінің  шарауа қожалықтарының иелері бар, олардан басқа кәсіпкерлер де жетерлік, бәрі бас қосып, ортаға қаржы салып, Василий Дорошқа жаңа үй салып берді. Төрт бөлмелі шаңырақты тегін ұсынған ауылдастарына разы болған Василий сол күні «Қазақтарды бәлен-түген дейтіндер кімдер екен осы? Осы бір жаны жайсаң, бірігіп кетсе жауды да, тауды да қопарып тасайтын халыққа Алланың нұры мен шапағаты жаусын» деп бір тебіренді дейсің.

«Алаш» ұранды Қазақ елі аманда Жамбыл облысы жақтың атқамінерлері мен кәсіпкерлері «Асар» жобасы арқылы көмекке мұқтаж жандарды баспанамен қамту мәселесін біртіндеп шеше бермек.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.