БІШІМБАЕВ ІСІ: АЛАҢДАЙТЫН ЕШҚАНДАЙ МӘСЕЛЕ…
Сенат «сахнасының» сыртындағы сұхбатта Ішкі істер министрі Ержан Сәденов әйелін асқан қатыгездікпен ұрып өлірді деген күдікпен қамалған Қуандық Бішімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді.
-Бішімбаевтың ісі бойынша тергеу жүріп жатыр. «Гастроорталықтың» директоры оның туысы боп шықты. Бүгінде қылмыстық іс тергеуі жүргізілуде. Кедергі болады деп алаңдайын ешқандай мәселе жоқ. Істі жақын арада аяқтаймыз. Іске қатысы бар барлық тұлға анықталды. Қылмыс орнындағы бейнекамералардағы жазбалар қалпына келтірілді. Іс өз ретімен жүріп жатыр, — деді Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.