27 рет оқылды

Жамбыл облысындағы spk-taraz.kz/kz-stab-fond/ сайтының хабарлауынша, «Тараз» ӘКК» АҚ азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын халық қажетіне тиімді пайдалану және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөнінде көптеген жұмыстар атқаруда.

Мысалы, «Тараз» ӘКК тарапынан Жамбыл облысы мен Тараз қаласы бойынша бағаны тұрақтандыру мақсатында өңірдегі келесі көтерме-тарату орталықтарымен келісімшарттар жасалған. Олар — «Дәмді себет» ЖШС (33 сауда нүктесі бар), «Тәңірберген Б» ЖК ( дүкен атауы «Нурислам» — 3), «KAAN» ЖШС («Фиркан» – 18 сауда нүктесі бар), «OPTOVIK №1» ЖШС (2 сауда нүктесі бар).

Бүгінгі таңда 19 әлеуметтік павильон халыққа қызмет көрсетуде.Оларда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізбесіндегі тауарлар нарық бағасынан төмен бағамен сатылуда.  Айталық, Тұрақтандыру қоры арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары: тауық жұмыртқасы – 52; ұн (1 сұрып) — 200; күріш – 450; сәбіз – 105; картоп -120; қарақұмық – 270 және қырыққабат – 120 теңге болып белгіленген.

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.