23 рет оқылды

Тараз қаласын өркендетуге бағытталған үш жылдық даму жоспарында ерекше басымдық берілген мәселелердің бірі – қоғамдық көліктерді жаңарту. Соңғы 2 жылдың ішінде осы жоспар бойынша нақты жұмыстар қолға алынды.
Мысалы, жақында осы мақсатта Тараз қаласындағы жолаушылар тасымалдайтын мекемлер жаңа 20 автобусқа ие болды. Игілікті іс-шараға қала әкімі Бақытжан Орынбеков қатысып, қоғамдық көліктердің кілтін жүргізушілерге салтанатты түрде табыстады.
Нақты айтсақ, «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС тарапынан жеткізілген 15 «Isuzu» маркалы автобустың 8-і №44, қалған 7-еуі №23 маршруттардағы ескірген көліктерді алмастырады.
Ал «RashLau» ЖШС-не тиесілі 5 автобустың 3-і №13 маршрутқа берілсе, 2-і №18 бағытты толықтырады. Өзбекстанда шығарылған 70 адамға арналған аталмыш автобустың барлығы төмен еденді пандуспен жабдықталған.
Жалпы үш жылға бағытталған даму картасы аясында Тараз шаһарына өткен 2023 жылы 73 жаңа автобус сатып алынса, биыл олардың қатары 155 автобуспен толықты. Осылайша биылға жоспарланған 70 автобус алу бойынша меже артығымен орындалды.
Осының нәтижесінде №13, №18, №41 бағыттар қайтадан іске қосылса, №28, №34, №46, №54, №55, №61, №33, №40, №16, №44 бағыттарда қызмет көрсететін автобустар толықтай, ал №12, №23, №29, №27 бағыттар ішінара жаңа қоғамдық көліктермен алмастырылды.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.