48 рет оқылды
Германияның Магдебург қаласындағы жаңа жылдық жәрмеңкеде жүрген бейбіт халыққа қарсы жантүршігерлік қастандық жасалды. Талеб атты опасыздың озбыр әрекеті салдарынан алаңсыз демалып жүрген көптеген адам қаза тапты. Арасында бүлдіршін балалар да бар. 

 

Алаңсыз жүрген адамдарды автокөлікпен қасақана қаққан қаскүнем сол жерде ұсталып, қамауға алынды. Ол — Сауд Арабиясынан келген 50 жастағы Талеб атты психотерапевт-дәрігер екен. Наша шегіп алыпты. Сірә, бойындағы «батырлық» сезімін ояту үшін солай істесе керек.

Ол Германияға 2006 жылы Сауд Абаиясынан келіп, дәрігер болып жұмыс істеген. Германия мемлекеті оған алаңсыз өмір сүруге, еңбек етуге көп жылға рұқсат берген. Барлық жағдайын жасаған. Бірақ лаңкес Талеб аспен атқанды, таспен атып, бейбіт халықты бір пәсте қырып салды. Бұл — бүкіл мұсылман мемлекеттері үшін ұят.

Германия елі, жалпы немістер Қазақ халқымен дос. Олар бейбітшілікті сүйетін ел. Содықтан неміс халқына қайғыра отырып, көңіл айтамыз. 

Талебтің лаңкестік шабуылынан зардап шеккендердің саны әлі де көбейе түсуі мүмкін.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.