Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың төрағасы қолма қол ақшамен пара алып жатқан жерінен ұсталды.
Төраға 15 мың доллар пара ұсынғандарға мәселені дұрыс шешіп бермек болған. Бірақ ҰҚК мен Қазақстан Сот әкімшілігі ішкі қауіпсіздік бөлімі оны ақшаны алып жатқан кезінде ұстады.
Сот төрағасы Бекбол Баймаханов Солтүстік Қазақстан облысындағы бұл қызметін 2022 жылдан бері атқарып келеді екен