20 рет оқылды

 

Түнгі кезекшілік кезінде полиция батальонының қызметкерлері сағат 03:10 шамасында «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» республикалық маңызы бар автожолының 162-шақырымында жүргізушісі қауіпті маневр жасаған «Киа К 5» көлігін байқаған. Полицейлер көлікті сол заматта тоқтатуға тырысқан, бірақ жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талабын елемей, жылдамдықты арттыра түскен.

Жол қозғалысын бұзған күдіктінің басқа көлік иелеріне қауіп төндірмеуі үшін полицейлер көлікті қууға мәжбүр болды. Тараз қаласынан Алматыға бет алған 36 жастағы А. деген жүргізуші ақыры қашам деп кезекші полицйелердің автокөлігімен соғысып тынды.

Құқық бұзушы ұсталып, Қордай аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Ішкі істер органдары қызметкерінің заңды талабын орындамағаны, апаттық жағдай туғызуға әкеп соққан жол ережесін бұзғаны, міндетті сақтандыру жасамағаны, көлік құралдарын пайдалану қағидаларын, маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін оған қатысты 5 әкімшілік хаттама толтырылды.

Мас шопырдың жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

 

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.