Тараз қаласында алғашқы мопед тіркелді. Заңды түрде. Облыс орталығының 18 жастағы тұрғыны көлік құралын тіркеу туралы куәлік пен мемлекеттік нөмір алды.
-Тіркеу жұмысы өте оңай. Жеке куәлігімді және мопедтің техникалық сипаттамаларын алып, арнайы ХҚКО-ға жүгіндім. Тексеруден өтіп, мемлекеттік баж салығын төледім. Содан кейін техникалық паспорт пен нөмір алдым, – деді ол.
Naizager ақпараттық порталының сауалына:
– Мопедтерді тіркеу үшін олардың иелері жеке куәлік немесе оның цифрлық нұсқасын, сондай-ақ мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары туралы мәліметтерді ұсынуы қажет. Арнайы ХҚКО-да өтініш толтырып, көлік құралын тексеруден өткізіп, мемлекеттік баж салығын төлеу керек (11 403 теңге), – деп мәлімдеді Жамбыл облысы ПД процессинг орталығының бастығы Айбек Көшеков.
Жамбыл облысының Полиция департаменті мопед иелеріне оларды қазірден тіркеп, жүргізуші куәлігі жоқ адамдарға қажетті санат бойынша авто-мектептерде оқуды ұсынады. Қосымша сұрақтар бойынша сағат 09:00-ден 19:00 арасында 8 (7262) 99-76-46 телефонына хабарласуға болады.