20 рет оқылды

Трамп күні кеше ғана Зеленскийді “диктатор“ деді.  Зеленский Трамптың ойынша «Украинада президент сайлауын өткізуден бас тартып отырған диктатор-мыс».

Шын мәнінде солай ма?

Ұлыбританияның Премьер-министрі Кир Стармер А)Ш Президентінің бұл пікіріне қарсы. Кир Стармер Зеленскийді демократиялық жолмен сайланған заңды Президент деп мойындайтынын айтып, «ел басына күн туған кезде президент сайлауын тоқтата тұру ақылға қонымды шара» дегенді айтып, «Екінші дүнтежүзілік соғыс кезінде Королевство Құрамасы мен басқа да елдер осы неізге жүгінген» деді.

Канаданың Премьер-министрі Джастин Трюдо әлемдік тұрақтылықты сақтау үшін Украина елінің қолдауға мүдделі екеніне тоқталып, «Канада Украинаны әрқашан қолдайды. Украиндықтар өз жерінің тұтастығы мен дербестігін қорғау үшін жанкештілікпен соғысып, қаза тауып жатыр. Олар сондай-ақ, әлемдегі үстемдікке қарсы. Әлемдік саясаттағы тыныштықты сақтау үшін де соғысуда» деген.

Чехиия Президенті Петр Павел: «Ядролық қаруы бар көршісінің басқыншылығына қарсы үші жыл бойы қасарыса соғысып жатқан елдегі сайлаудың қандай құны болмақ? Елінің біраз бөлігін басқыншылар жаулап алып, қалаларын күнде бомбалап жатқан Украинада қалай сайлау ұймдастыруға болады? Мұндай қайсар елдің Президентін диктатор деу — барып тұрған безбүйректік» деді.

Шыныда да Трамп бұл сөзді қалай айтты? Россия алдымен Украинадан «реферндум» деп Қырымды тартып алды. Одан кейін «ДНР» мен «ЛНР» деп бірнеше облыстарын байлығымен қоса «құшағына» басты. Сосын күтпеген жерден Украинаның шекарасынан қорғаған жауынгерлердің өліктерін басып-жаншып өтіп, соғыс бастады.

Мектеп оқушысы да білетін бұл шындықты Трамп түк білмей ме, әлде кәрілк меңдегендіктен болатын ауру салдарынан әлемде не болып жатқанын түсінбей отыр ма? Байден мырза көмекке берген миллиардтаған ақшаны қайтар деп немесе оның орнына Украинадағы қазба байлықтардың елу пайызын бер деп қызылкеңірдек болып жатқаны тағы анау.

Білмейміз, әйтеуір Трамп келгелі күллі елдер үлгі тұтқан, қызыққан Американың саясаты шатқаяқтап кетті.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.