АҚШ Президенті Дональд Мәскеудегі жеңіс күні мерекесін тойлауға келетін болды. Сөйтіп екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына байланысты өтетін салтанат барысында В. Путинмен кездеспекші. Бұл туралы француз журналы Le Point хабарлады.
Басылымның айтуынша, Путин үшін 9 мамыр — жылдың ең маңызды күні. Екінші дүниежүзілік соғысты Еуропада 8 мамыр күні атап өтсе, Ресейде 9 мамырда тойлайды.
Сондай-ақ басылым, Германияның тізе бүккені туралы актіге Францияның Реймс деген қаласында 7 мамырда қол қойылғанын еске салыпты. Бірақ Сталиннің қалауымен келесі күні Берлинде акті қайта жасалған.
Трамп пен Путин достығы қашанға созылар екен? Қызық, осы уақытқа дейін Американы жау санап келген ресейлік саясатшыларға ыңайсыз болды-ау бұл….