Жамбыл облысының шекаралық аймағында құны 821 млрд. теңге болатын үлкен жоба қолға алынды.
Жаңа нысан 2028 жылдың соңында агроөнеркәсіп және тау-кен металл кешені саласы бойынша іске кіріседі. Кәсіпорын ашылған кезде онда 800 жұмысшы еңбек етпек.
Облыстық әкімдіктің ақпараты бойынша, қазір осы үлкен жоба алдындағы дайындық жұмыстары жүргізілуде. Оның қуаттылық әлеуеті жылына Доре балқытау (алтын-күміс) бойынша 10 мың алтын өндіруге жетеді.
Келер жылы Қордай ауданындағы Гагарин кенішінде тау-кен байыту комбинаты салынбақшы. Оны іске қосу құны 21 млрд. теңгені құрап отыр. Әкімдіктің ақпаратынша, кен мен алтын шығаратын фабриканың қуаттылығы жылына 500 тонна кен өндіру боламақ. Бұл жерде 388 адам жұмыс істейді.
2022 жылы облыста Кепкен, Алтынтас, Кеңгір алтын кенішітеріне Австралия мен өзі еліміздің инвесторлары тарапынан 114, 2 млн. теңге тартылды.
Бұрын Ақбақай алтын кен орнымен танылаған Жамбыл өңірі, енді Қордай алтын-күмісімен жарқ ете қалса, несі жаман. Ең бастысы, қол қусырып қарап отырмау керек. Инвесторлар игілікті істі тезірек аяқтап, Қордайдың Гагаринін баяғы Американың алтын іздеушілер ағылған аңыз аймағы — Колорадоға айналдырса деген тілек бар.