7 рет оқылды

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Сарысу ауданындағы «Qazaq Soda» ЖШС-ның кальцийлендірілген сода шығаратын зауыт құрылысының жұмысын барып көрді.

Yildirim Holding атқарушы директоры Исмаил Джейлан мен «Qazaq Soda» ЖШС директоры Рамазан Ибраимов Премьер-министрге жобаның жай жапсары  туралы айтты, — деп хабарлайды  primeminister.kz сайты.

 

Алып құрылыстың бірінші кезеңінде қуаттылығы жылына 500 мың тонна өнім өндіретін өндіріс кешені іске асырылады. Бұл өнім кейін 1 млн тоннаға дейін көбейеді. Өнім өндіру үшін Сарысудағы жеріндегі шикізат пайдаланылады. Өндіріске қалдықсыз өнім өндіретін технологияларды қолдану жоспарлануда.

Кальцийлендірілген сода металлургия, шыны, тамақ, тоқыма және химия өнеркәсібінде, сондай-ақ тұрмыстық химия өндірісінде қолданылады. Бүгінде еліміздің содаға деген қажеттілігі жылына 350-400 мың тоннаны құрайды. Жобаны жүзеге асыру импортты толық алмастыруды қамтамасыз етуге және ТМД елдері мен Қытайға экспорт жасауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары 30%-ға орындалып, енді құрал-жабдықтарды жеткізілуде.

Зауытты пайдалануға беру келесі жылдың тамыз айына іске асады. Жоба бойынша 1 мың жұмыс орны ашылып, оның ішінде 400 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Сарысу ауданына тартылған инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 400 млн. АҚШ долларын құрайды.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.