8 рет оқылды

 

Жылу беру маусымы дау-дамайсыз аяқталды. Былтыр ала жаздай Төле би даңғылын ұзына бойы қазып, жылу жүйесін жаңарту жұмысы басталғанда, «қыстың күні жаңа деген құбыры жарылып кетіп, ел улыған-шулыған болмаса екен» деп көңіліміз күпті боп жүрген. Құдайға шүкір, ондай ештеңе болған жоқ.

Облыстың жылыту маусымына өту барысын бағалау және өңірдің энергетикалық кешенін жаңғырту жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысу үшін келген  Энергетика министрі де анау айтқанайй ескертулер берген жоқ. Өңірді энергиямен қамтамасыз ететін негізгі объектілер – басты назарда екеніне көңілі толды. Министр тұтынушыларға қызмет көрсетудің сенімділігі мен сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берген өткен жылғы жұмыс нәтижелеріне де көңілі толды.

Қазақстанның оңтүстігі үшін стратегиялық маңызы бар Жамбыл ГРЭС-інде техниканы жаңарту бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Тараз тұрғындарының негізгі жылу энергиясы саналатын «Таразэнергоорталық» АҚ-да жылу беру маусымында жылу электр орталығының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кең ауқымды бюджеттік қаржыландырудың арқасында «Таразтрансэнерго» МКҚК құбырлардың айтарлықтай бөлігін ауыстырды, бұл көлік шығындарын азайтуға және жүйенің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. «Жамбыл электр желілері» ЖШС электр желілері мен қосалқы станцияларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, электрмен жабдықтау сенімділігін нығайтты. Тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз етуге кепілдік беретін Қаратау және Жаңатас қалаларындағы қазандықтарды реконструкциялау жұмыстары аяқталып.

-Жүргізіліп жатқан жұмыстар – Жамбыл облысын энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам. Министрліктің, жергілікті билік пен энергетиктердің бірлескен жұмысы нәтиже беріп жатқаны көрініп тұр. Бірақ біз мұнымен тоқтап қалуға болмайды, адамдар мен кәсіпорындар тұрақты энергиямен жабдықтауда сенімдлі болуы үшін біз жүйелі жұмысты жалғастыруымыз керек, жабдықты жаңғыртуымыз керек»,- деген еді сол кезде ҚР Энергетика министрі А. Сәтқалиев.

Сол кезде министр облыс басшылығымен және энергетикалық компаниялармен бірге 2025 жылға арналған жоспарларды да талқылаған еді. Генерациялайтын қуаттардың сенімділігін арттыру, жылу және электр желілерін одан әрі жаңғырту, сондай-ақ энергия ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру басым бағыттар болған. Одан бері айлар өтті? Не істелді? Министр кетті деп, арқаны кеңе салып отырған жоқпыз ба?

Сол жоспарланған жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуына осы бастан мән берілуі керек. Сондай-ақ өңірдің энергетикалық кешенін дамытудың назар аударуды және жүйелі көзқарасты талап ететін өзекті міндеттері де бар екенін ұмытпаса дейміз. Сондықтан Жамбыл облысының әкімдігі өңірді энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру бойынша министрлікпен бірлесе отырып жұмысты жалғастырады деп сенеміз.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.