16 рет оқылды

 

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Тараз» ӘКК» АҚ-ның ұжымы балалар үйінің тәрбиеленушісі Н.-ға (аты-жөнін жазбауды, суретін салмауды өтінді) ASUS Vivobook 17 X1704VA (16 ГБ/SSD 1 000 ГБ) ноутбугін сыйлады.

Бұл ноутбук техникалық тұрғыдан сенімді, сапалы, ұзақ ұстауға болатыны жөнінде мамандар тарапынан жақсы  баға берілген құрал. Ол енді өзінің жаңа иесіне қалтықсыз қызмет етеді, оның болашақта IT үздігі болып шығатынына септігі тиеді деп сенеміз.

«Тараз» ӘКК» АҚ – тек қана кәсіпкерлерді қолдау ұйымы ғана емес, бұл – үлкен жүректі мейірімді жандардың да ортасы.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру