Жамбыл ауданындағы шаруа қожалықтардың бірінде екі күн бұрын А. деген қойшы 700 қойымен бірге құм өңірінде адасып кеткен. Департаментке хабарлама түскен сәттен бастап жедел түрде оқиға орнына аттанған полиция қызметкерлері шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізді. Полицияның жедел әрі кәсіби әрекетінің нәтижесінде 24 сағатқа жетпей аудан орталығынан 200 шақырым жерде адасып жүрген қойшы да, оның малдары да аман-есен табылды.
Қойшының айтуынша, ол қалың тұманда жол бағадарынан жаңылысып, ауылына апаратын үйреншікті бағытынан адасқан.
-Түнде қатып өліп қалмау үшін үш күн бойы ұйықтамауға тырыстым. Үш күнге жуық тамақ та ішкен жоқпын. Соның салдарынан әбден әлсіреп қалдым. Мені адасып айдалада жүрген жерімнен тауып алған полиция қызметкерлері жағдайымның мүшкіл екенін көріп, бірден жылы орынға жеткізіп, айран мен нан берді. Полицейлерге алғысым шексіз», — дейді қойшы.
Жамбыл облысы Полиция департаменті тұрғындарға ауа райының қолайсыз кезінде алыс мал жайылымына жалғыз шықпауға, жақындарымен әрдайым байланыста болуға кеңес береді.


