9 рет оқылды

 

Өткен 2025 жыл — «Тараз» ӘКК» АҚ үшін нақты шешімдер мен айқын нәтижелер жылы болды.
Өңірлік тұрақтандыру қоры бойынша, 2025 жылдың соңында тұрақтандыру қорындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қорының жалпы көлемі 4,4 млрд теңгені, оның ішінде: сиыр еті – 40 тонна; қарақұмық – 102,1 тонна; қырыққабат – 917,1 тонна; картоп – 4 316 тонна; пияз – 1 000 тонна; күнбағыс майы – 574 мың литр; сүт – 226,6 мың литр; сәбіз – 1 168 тонна; 1-сұрыпты ұн – 588 тонна; күріш – 1 010,4 тонна; қант – 5 595,6 тонна; ас тұзы – 2,5 тонна; жұмыртқа – 7 306,3 мың дананы құрады.
Өңірлік тұрақтандыру қоры 2025 жылы сауда желілеріне интервенция аясында 240,3 млн теңге сомасына тауар жөнелтті, оның ішінде: картоп – 639 тонна; сәбіз – 18,6 тонна; қырыққабат – 72,1 тонна; жұмыртқа – 425 320 дана; күнбағыс майы – 96 355 литр; күріш – 1,5 тонна; қант – 228,5 тонна; ас тұзы – 0,7 тонна; 1-сұрыпты ұн – 0,5 тонна болды.
Өткен жылдың басынан бері тұрақтандыру қорының тауарлары жәрмеңкеге тұрақты түрде жеткізіліп, қала тұрғындарына төмендетілген бағамен сатылды. Мысалы: картоп – 54 тонна; сәбіз – 17 тонна; пияз – 33 тонна; қырыққабат – 5 тонна өткерілді.
Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі 19-дан 31 атауға дейін ұлғайтылды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына апта сайын мониторинг жүргізіледі. Жыл басынан бері тұрақтандыру қоры шамамен 65 млн теңге сомасына тауарлық интервенция жүргізді.
Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорының қажетті қор көлемін қалыптастыру үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу көлемінің есептері дайындалды.
Сонымен қатар, 2026 жылдың басынан бастап екі павильон (Құмшағал және Мыңбұлақ шағынаудандарында) ашылды, ал алдағы уақытта тағы бір павильонды (Шалғай Қарасу шағын ауданында) ашу жоспарлануда. Осылайша, әлеуметтік павильондардың жалпы саны 15 бірлікті құрайды.
Аталған жобаны іске асыру халыққа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен ұсынуға, жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және бағаны тұрақтандыруға ықпал етеді.

«Тараз» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру