Олардың хабарлауынша, тергеу жұсының негізгі нысанасы — «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау деген күдік.
Антикор назарында бұлардан бөлек Арыстан Мұхамедиұлының Мәдениет және спорт министрі болып тұрған кезінде туыстарының және өз үлесі бар басқа тұлғалардың меншігіне «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК, «Қазақ энциклопедиясы» АҚ және «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» ЖШС заңсыз берді деген деректер де тексерілуде
-Тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 миллиард теңге. Арыстан Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі 4 айға дейін, осы жылдың 26 қыркүйегіне дейін ұзартылды, — дейді антикордың баспасөз қызметі.