Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Нематұлы Келімбетов «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қайрат Нематұлы Келімбетов кім? Әкесі Немат Келімбетов —
1937 жылы Өзбекстанның Ташкент облысының Жаңажол қаласында туған. Түрколог-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор.
ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі. Сарығаш ауданының Абай ауылындағы орта мектепті бітірген. Ташкент қаржы-экономика инcтитутын (1959), ҚазМУ-дың филология факултетін сырттай оқып бітірген (1966). 1959 – 1960 жылдары Келес және Сарыағаш аудандық газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болған, Қазақстан Ғылым академиясының Экономика институтында кіші ғылыми қызметкер, «Социалистік Қазақстан»(қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және архитектурасалалары бойынша Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комиссияның жауапты хатшысы болып жұмыс істеді»Қазақстан»баспасында редактор (1976 – 81), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетініңі қазақ әдебиеті кафедрасында
профессор (1981 – 1997), Қаныш Сәтбаеватындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің қазақ тілі кафедрасындапрофессор 1997 – 2002) қызметтерін атқарған. Әскери атағы — отставкадағы лейтенант.
Ал қайрат ше? Ол 1986 жылы Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебін үздік белгімен бітірген. 1993 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеудің Мемлекеттік Университетінің қолданбалы математика және кибернетика факультетін бітірген, математик. Ағылшын, француз тілдерін меңгерген. 1993 жылы бастап әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аспиранты. 1994—96 жжылдары Қазақтың мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтының қаржы және несие факультетінде оқыған. 1995—96 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебінің тыңдаушысы. 1999 жылы АҚШ-та Джорджтаун университетінде оқыған.
1996 ж. бастап — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жоғары экономикалық кеңес хатшылығының аға сарапшысы, 1996—97 жылдары Перзидент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі, 1997—98 жылдары Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Стратегиялық талдау департаменті директорының орынбасары, 1999—2001 жж. — Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы, 2001 ж. маусым — 2002 ж. тамыз аралығында ҚР Қаржы министрлігінің бірінші Вице-Министрі болған.
2002 ж. тамыздан бастап — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, 2006 жылдың сәуірінен бастап – «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.
2008 ж.ылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды.
2011-2012 жылдары Экономикалық даму және сауда министрі, 2012 жылы — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, 2013-2015 жылдары Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы болды.
Сонау 1996 жылдан осы уақытқа дейін Қайрат Келімбетов жайлы қаңқу сөз шыққан емес. Нағыз «ақырын жүріп, анық басатын» кадр. Жарқ-жұрқ етіп көрінуді қаламайды. Ана жерден алып кетті, мына жерден іліп кетті дегенді де естімеппіз. Тәуелсіздіктің отыз жылында талай лауазымды шенунік темір торға қамалып, ішкен-жегендерін құсуға тура келсе де, Келімбетов мұндайдан құлан таза.
Сонда қызметінен не үшін алды? «Түк істемейтін адам ғана қателеспейді» дегендей, отыз жылда түк істемеген соң аман жүрді ме әлде? Өзіне түк істемесе істемей-ақ қойсын, еліне, жеріне, оның экономикасына жасаған пайдасын айтып, «Қайрат Келімбетовтің арқасы» дейтіндей не тындырды? Нағыз «сұр кардиналдың» өзі ме әлде? Олай дейін десең, билік дәліздеріндегі «интригалар» арасынан да аты-жөнін таппайсың?
Соған құарағанда қызметіне барып-келуді ғана білетін босбелбеу біреудің нағыз өзі ме? Дегенмен, келесі лауазымды қызметі қалай болар екен? «Келімбетов келеді, тимеңдер» деп қай мықты орынды дайындап отыр екен?