Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 финалына шығып, бірнеше жеке рекордтар жасады. Біріншіден, оның жартылай финалдағы жақсы нәтижесі маусымдағы қатарынан 13-і жеңісі болып отыр. Екіншіден, қарсыласы Джесика біздің Еленаның 11 соққысын қабылдай алмады. Үшіншіден, тенниссші қыз банктегі есеп-шотын 662 360 долларға (297 147 437 теңге) көбейтті.
Бүгінде әлемнің жетінші ракеткасы болып танылатын Елена Рыбакина әлемдік рейтингтегі үшінші номерді иеленген америкалық Джесика Пегулуды7:6 (7:3), 6:4 есебімен ұтты. Ол бұл нәтижеге ойын уақытының 1 сағат 53 минутын жұмсады.
Еленаны енді финалдық бәсеке күтіп тұр.