2023 жылы «Ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау үшін микрокредиттер беру» бағдарламасы («Ауыл аманаты») аясында республикалық бюджеттен жалпы 24 095 979 000 тг. сомасындағы несие қаражаты 2 траншпен берілді. І-ші транш бойынша маусым айында 11 563 965 000 тг. бөлініп 2025 жоба несиелендірілсе, ІІ-ші транш бойынша қазан айында 12 532 014 000 тг. бөлініп 2051 жоба несиелендірілді, оның ішінде жалпы:
— бірінші бағыт — үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану бойынша 33 773 442 тг. сомасына 5 жоба;
— екінші бағыт — мал шаруашылығын дамыту бойынша 23 459 021 919 тг. сомасына 4 012 жоба;
— үшінші бағыт — ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану бойынша 313 462 353 тг. сомасына 21 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі;
— бесінші бағыт — тұрғындардың өз кәсібін ашу бойынша 289 721 286 тг. сомасына 38 жоба қаржыландырылды.
Жергілікті бюджеттен ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерді қажетті техникамен жабдықтауға (төртінші бағыт):
— 2023 жылдың желтоқсан айында 1 000 000 000 теңге бөлініп, жаңадан құрылған 33 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі 65 бірлік трактор сатып алуға 976 940 000 теңге сомасына, 3 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі 9 бірлік аспалы және тіркемелі жабдық сатып алуға 23 060 000 теңге сомасына несиелендірілді, бөлінген қаражат толығымен игерілді.
— 2024 жылдың мамыр айында 600 000 000 теңге бөлініп, 4 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі 4 бірлік трактор және 23 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі 112 бірлік аспалы және тіркемелі жабдық сатып алуға несиелендірілді.
— 2024 жылдың тамыз айында қызылша жинайтын комбайн сатып алуға 900 000 000 теңге бөлініп, 6 шаруа қожалығы және 1 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі 7 бірлік қызылша жинайтын комбайн сатып алуға 900 000 000 теңге соммасына несиелендірілді, бөлінген қаражат толығымен игерілді.
Ағымдағы жылы қыркүйек айынан бастап жыл соңына дейін қайтқан қаражат есебінен, мал бағытынан басқа, яғни «Өз кәсібін ашу» (5 бағыт) бағыты бойынша қажетті құрылғылар және жабдықтар сатып үшін 160 жоба қаржыландырылды.
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру бойынша:
«Тараз «ӘКК» АҚ мен «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» КММ арасында «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларға кредит беру» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бойынша сенім білдірілген өкіл (агент) қызметтерін көрсетуге 8 500 000 000 (сегіз миллиард бес жүз миллион) теңге соммасына шарт жасалды. Бөліген қаражаттан сүт-тауар фермаларын құру шеңберінде 4, көкөніс қоймаларын құру шеңберінде 5, тамшылатып суару жүйелерін орнату шеңберінде 1, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу шеңберінде 3 жоба қаржыландырылды.