Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып отырған Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов баяндама жасап, Қазақстанда үш атом электр станциясы салынуы мүмкін екенін айтты.
-Жақын арада біз Алматы облысында бірінші АЭС салу бойынша қажетті келісімдерге қол қоямыз. Сондай-ақ екінші және үшінші АЭС салып қалуымыз мүмкін орындарды анықтау үшін өңірлерге талдау жүргізіліп жатыр, — деді Олжас Бектенов.
Мәселе АЭС саласындағы озық технологияға тірелетіні белгілі. Ал жұрт қалауы ондай елдер деп Франция, Оңтүстік Кореяны айтады. Әрине, Қазақстанға АЭС салып беруге басқа елдер де үмітті. Бірақ ел тілегі бола ма, Үкіметтің дегені бола ма? Оны уақыт көрсетеді.