456 рет оқылды

Ресей мемлекеттік думасына Қырымнан сайланған депутат Михаил Шеремет бұрынғы одақтас елдер үшін келмеске кетті деп саналатын КСРО (СССР) қызыл туын бүгінгі Ресей елінің мемлекеттік туы ретінде мойындауды ұсынды.

Нақты не дегенін білгілеріңіз келсе ол:

-Батыс елдері бүгінде жеңіс туына қарсы соғыс ашып, оған тиым салуда. Өйткені қызыл ту олардың есіне біздің халқымыздың мықтылығы мен ұлы жеңісін түсіреді. Сондықтан мен жеңіс туын біздің мемлекеттік туымыз деп мойындаудың уақыты келді деп ойлаймын, — деді ол Ресей мемлекеттік думасындағы әріптестеріне.

Оның түсінігінше, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде аталары осы тудың астында соғысса, ал бүгінде РФ әскері батыс елдері арқылы өздерінің шынайы бетбейнесін жасырып келген Украина әсіреұлтшылдарына қарсы тұруда екен.

Сондай-ақ, ол «триколорды» мақтаныш ететінін, бірақ қазіргі жағдайдағы Ресейдің дамуына «супердержаваның өмірге қайта келуінің символы» ретінде жеңіс туын мемлекеттік ту ретінде мойындау өте өзекті депті.

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.