-Атап айтқанда, бұл бағыт бойынша мұнай Ақтау порты арқылы Баку портына жеткізіліп, сол жерден Баку — Тбилиси — Джейхан бағытына жөнелтіледі. Сондай-ақ, Баку — Супса бағыты бар. Бұл — Грузияда және Баку-Батумидегі біздің терминалдар орналасқан порттарымыз. Осы бағыттарға қоса Атыраудан Батумиге және Өзбекстанға теміржол бағыттары бар. Сондай-ақ, ҚХР бағыты бар, — деді Үкімет басшысы Әлихан Смайылов.
Премьер-министр, сондй-ақ, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры арқылы 1,5 миллион тонна қазақстандық мұнайды тасымалдау туралы келісім жасалғанын да жеткізіді. Одан ары қарайғы уақытта оның көлемін 6-6,5 миллион тоннаға дейін көбейту де пысықталып жатыр екен.
«Теңізшевройл» компаниясы да вагон-цистерналар санын екі есеге арттырып, Батуми мен Өзбекстанға теміржол арқылы пилоттық жөнелтулерді бастап кетіпті.
— Көрші елдердегі әріптестеріміз тарапынан бұл мәселеде толық түсіністік пен қолдауға ие болып отырмыз. Олар өздерінің транзиттік мүмкіндіктерін ұсынуға дайын және осы мәселелер бойынша Қазақстанмен ынтымақтасуға дайын, — деді Премьер-Министр.