177 рет оқылды

Атышулы кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыға қатысты жаза 20 қазанда заңды күшіне енді. Ол қазір Шығыс Қазақстан облысының №22 колониясында жазасын өтеп жатыр.

Колонияның ерекшелігі, онда ылғи бұрынғы құқық қорғау органдарының қылмысты болған қызметкерлері жазаларын өтейді.

Қайрат Сатыбалды наурыз айында Қазақстаннан қашып кетпек болған кезінде тұтқындалған болатын. Сөйтіп оны «алдап-арбау және сенімге кіру арқылы біреудің мүлкіне мүлікке зиян келтіру «, «басқаның мүлкін иеленіп кету және талан-таражға салу» сияқты айыптар тағылған.

Астанадағы Байқоңыр ауданының №2 соты 25 қыркүйекте  оны алты жылға бас бостандығынан айырып, дүние-мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызмет пен ұлттық компанияларда 10 жылға дейін қызмет ету құқынан айырған болатын.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.