107 рет оқылды

Бұрынғы президент әрі бұрынғы елбасы Назарбаевтың бұрынғы келіні, бұрынғы офицер-кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыны Астана қаласы сотының судьясы Кемеңгер Имашев кінәлі деп танып және қылмыстар жиынтығы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады.  Ал сотта айыптаушы прокурор Г. Сатыбалдыға 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді.

Жәбірленушілер болса, сотта барлығын қосқанда Г. Сатыбалдыдан 12 миллиард теңгеге жуық теңгені қайтаруды талап етті. Олардың арасында белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов бар.

Былтыр 18 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Н. Назарбаевың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлы мен оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік жолмен басып алу дерегі бойынша соталды тергеуді бастаған болатын.

Сот үкімі бойынша Г. Сатыбалды мемлекетке 6, 8 млрд, ал Т. Алагөзовке 6,5 млрд теңге қайтаруға тиіс. Сонымен қатар, Т. Алагөзовке моральдық тұрғыдан қысым көрсекені үшін 1 млн теңге қайтаруға міндеттелді. Сондай-ақ, Г. Сатыбалдыны «Құрмет» орденінен айырды.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.