47 рет оқылды

Бүгін Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шығарылып, сот оны 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Сонымен қатар, кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтың пайдасына 6,5 миллиард теңгеден астам соманы өндіру туралы да шешім шығарды. Ал мемлекет кірісіне 6,3 млрд теңге өнідіріп алынбақшы.

-Жәбірленуші Алагөзовтың азаматтық талап арызы ішінара қанағаттандырылды. Оның пайдасына қарапайым акциялардың 43,25 пайызын қайтару арқылы 6,5 миллиард теңгеден астам залал сомасын, сондай-ақ 1 млн теңге көлемінде моральдық залал өндірілсін. Жәбірленуші А. Мекешованың азаматтық талап арызы бойынша іс жүргізу медиативтік келісім жасасуға және талап қоюдан бас тартуға байланысты тоқтатылды, – деді судья Кемеңгер Имашев.

Сот Г. Сатыбалдының 2020 жылы жәбірленуші Т. Алагөзовке моральдық-психологиялық қысым көрсетіп, оның Galanz Bottlers АҚ-дағы 43,25 пайыздық үлесін сенімді адамдар арқылы өзінің сенімді өкілі Жүсіповке қайта жазуға мәжбүрлегенін, соның салдарынан оған 6,5 млрд теңгеден астам сомаға материалдық залал келтіргенін хабарлады.

Айта кетейік, сот Гүлмира Сатыбалдыны «Құрмет» орденінен айруға да жаза кесті. Ал оның қарамағындағылар: Батыршаев — 7, ал Өтебеков 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.