Журналистердің сұрағына агенттіктің баспасөз қызметі:
-Сотқа дейінгі тергеу басталғаны рас. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Басқа сауалдарға қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201 бабына сәйкес бұдан өзге ақпарат берілмейді», — дейді.
Есім-сойы елге белгілі Абылай Мырзахметов 2001-2002 жылдары Көлік және коммуникация министрі болған. 2002 жылдың наурыз айында қылмыстық іске қатысы бар деген күдікке байланысты қызметінен босатылып, сол жылдың маусым айында Ішкі істер министрлігінің тергеу басқармасы оны уақытша оқшаулау камерасына жапты. 2003 жылы мамырда Мырзахметов мемлекет мүлкін жымқыруды ұйымдастырды деген айыппен мүлкі тәркіленіп, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
2005-2007 жылдары Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті, Сауда-өнеркәсіп палатасы президиумының төрағасы, 2011-2013 жылдары «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы болған.
2013-2022 жылдары — «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы.
Өткен жылдың ақпан айында Абылай Мырзахметов «Атамекен» ҰКП басқарма басшысы қызметінен босатылды.