Украинаның кәсіпқой боксшысы Александр Усик өз елінің Президеті болу үшін сайлауға түсуге дайын екенін айтты.
Украинадағы Президент сайлауы сол елдің заңы бойынша 2024 жылы өтуі керек. Ал Владимир Зеленский 2019 жылдан бері Украинаны басқарып келеді.
-Мен тағы да абсолютті чемпион боламын және Президент сайлауында бәсекелес боламын, — депті жуан жұдырық иесі Алексанр Усик. Бұл туралы YouTube-арнасы Seconds Out хабарлайды.
Александр Усик жартылай ауыр салмақта барлық чемпиондық титулды иемденіп, таза ауыр салмақтың өзіне ауысқан болатын. 26 тамыз күні Польша елінің Вроцлав қаласында 36 жастағы Усик ауыр салмақтағы IBF, IBO, WBA Super және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын қорғау үшін рингке шығады. Оны рингте Британиялық дәу Даниел Дюбуа күтіп тұр.
Украина Президенті болмас бұрын Усик осы асудан асуы керек. Бірақ ол кәсіпқой боксшылардың бұдан да зорын көрген мықты ғой. Жеңетініне сенеміз. Сайлауда қайдам… жеңілетін шығар.