100 рет оқылды

Жамбыл облысы мен оның орталығы Тараз қаласының аты кейде шықпайтын жерде шығып кетеді. Сірә, бір тылсым қасиеті бар. Кезінде тегін Әулиеата аталмаса керек. Теңге дүниеге келген кезде де оны ең алғаш Тараз қаласына алып келіп, қашан жария еткенше құпия сақтапты. Теңгенің құрметіне қойылған мәрмәр белгі де Таразда тұр.

Енді, міне, көп елдерге арман болған БПЛА — ұшқышсыз ұшатын ұшу аппараты Тараз қаласының маңындағы әуежайдан ұшып, Тараз аспанында қалықтап жүр.

Sarbaz.kz. сайтына сілтеме жасаған Tengrinews.kz хабарлауына қарағанда, ұшқышсыз ұшатын ұшу аппараттарына жасалып жатқан бұл тестік сынақ Тараз қаласындағы әскери дайындық пен соғыс жағдайында соққы беруді оқыту оралығының базасында өтуде.  Оған 14157 әскери бөлімінің ұшу және инженерлік-ехникалық құрамы мен Turkish Aerospace Industries өндіруші-компаниясының қатысуда.

Тараз әлі таңдандыра береді.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.