106 рет оқылды

91678 әскери бөлімінде жаңа ат ауласы ашылды. Оған  «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор М.Көшекбаев, Жуалы ауданының әкімі Ж.Мұртаза, ҚР ҚК ардагері, генерал-майор Ә.Ерниязов, Жуалы ауданы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігінің төрағасы П.Успанов қатысты.
Ашылу рәсімінің лентасын генерал-майор  М.Көшекбаев пен аудан әкімі Ж.Мұртаза қиды. Жеке құрам сапқа тұрғызылып, ел Гимні орындалды.
Шараға қатысқан қонақтар тілектерін айтып, атты әскерге арналып жасақталған ат ауласының маңыздылығына тоқталды. «Ер қанаты – ат» деген даналықтың тереңіне үңілген азаматтар ел қауіпсіздігін, шекара тыныштығын күзететін әскерлердің тұлпарларының тұяқтары мұқалмауын тіледі.
Штаб бастығының орынбасары, полковник А.Бекбергенов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысының көтермелеу және мадақтау бұйрығын оқыды. Бұйрыққа сәйкес біріктірілген жұмыс тобының қызметкерлері мадақтама қағазымен марапатталды. Тараз горнизонының Жамбыл аудандық пайдалану бөлімінің жұмыскерлері де марапаттарға ие болды.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.