45 рет оқылды
Ресей Федерациясының азаматшасы, балаларға арналған белгілі «Ералаш» киножурналының режиссері Марина Сүлейманова жергілікті патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне өзінің маңызды құжаттары, ақшасы және пәтер кілттері бар әмиянын  кедендік өткізу бекетіне келген кезде жоғалтқанын біліп, дереу полиция қызметкеріне жүгінген.
Кешенді іс-шаралар жасау және бейнебақылау камераларын қарау барысында патрульдік полиция инспекторы Мадияр Асубаев режиссердің әмияны қалған такси иесін анықтады. Нәтижесінде, аз уақыт ішінде құнды заттары бар әмияны табылып, режиссерге қайтарылды.
-Полиция қызметкері жарты сағаттың ішінде жоғалған затымды тауып, маған қайтарды. Мен шет елде жүргендіктен, ә дегенде қатты қобалжып кеттім. Кімге жүгіну және не істеу керектігін білмедім. Бірақ патрульдік полиция инспекторы мені тыныштандырып, әмиянды табуға уәде берді. Жамбылдық полицейлердің көрсеткен қолдауы, кәсіби әрі шұғыл қызметі үшін зор алғысымды білдіремін. Полиция қызметкерінің жоғары нәтижелері мен белсенді ұстанымына тәнті болдым. Ол менің шағымым бойынша бірден әрекетке көшті, — дейді Марина Сүлейманова.
«Ералаш», әдетте, жалқау, тентек, ұмытшақ балаларға «күлуші» еді, сөйтсек, оның режиссері де нағыз «ұмытшақтың» өзі екен.
БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.