95 рет оқылды

Жамбыл облысының аумағында ағымдағы жылдың басынан бері 204 жасы кәмелетке толмағандар үйінен қашып кеткен. Облыстық ПД жедел iздестiру шараларының нәтижесінде барлығы аман-есен табылды.

Жасөспірімдердің ұясынан безуінің себебі — отбасындағы жанжалдар, ата-аналардың немесе басқа заңды қамқоршыларының арапынан  бақылаудың болмауы, балаларының өміріне немқұрайды қарауы болып отыр.

Ағымдағы жылдың 27 қазанында 16 жасар екі қыз облыс орталығының оқу орындарынан шығып, үйлеріне оралмаған. Ата-аналары мен туыстары полициядан көмек сұрады.

Баланың үйден кетуі бойынша «Дабыл» командасымен  ПД-нің барлық жеке құрамындағы полиция күштері жұмылдырылды. Қоғамдық белсенділер мен еріктілер де іздестіруге үлес қосы.

Соның нәтижесінде қыздар табылып, ата-аналарына табыс етілді.Сөйсе қыздар отбасылық жанжалдан кейін үйінен кеткені анықталған.

Статистикаға қарасақ, өз үйі, өлең төсегінен көбінесе 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер қашады екен. Бала — жаны шын мәнінде өте нәзік және қорғансыз. Олар  үйден алғаш рет қашқан кезде ата-ананың өз мінез-құлқына мән бергені өте маңызды, Өзін түзесе, баласы да мінезін түзейді. Отбасындағы ұл-қызымен жақсы қарым-қатынасты қалпына келтіреді.

— Үйінен безген баланы біржақты кінәлауға болмайды. Бұл мәселеде ата-аналар өте маңызды рөл атқарады. Үйден кету — ата-аналар мен балалар арасындағы байланыстың болмауының салдары. Егер сіздің балаңыз үйден кетіп қалса немесе кетемін деп қорқытса – бұл жағдайларды елеусіз қалдырмаңыз. Алғашқы кету баланың психологиялық күйiн  және оның отбасымен байланысын бұзады. Баланың мінез-құлқы — бұл отбасындағы жағдайдың көрінісі. Балаларға өз қалауыңызды, бақылауыңызды енгізуге тырыспаңыз, балаларды қолдау және түсіну қажет. Олармен үнемі сөйлесіп, олардың ата-анасына қымбат екенін түсіндіріңіз, — дейді полиция майоры, арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспектор Әлішер Қалышев.

Жамбыл облысының Полиция департаменті ата-аналарды балаларының мінез-құлқына мұқият болуға және олардың уақытын бақылауға шақырады.

 

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.